Выберите язык

ГККП "Ясли-сад "Солнышко" коммунального государственного учреждения "Отдел образования города Петропавловска"
Официальный интернет-ресурс
Тіл – халықтың рухани қазынасы

Тіл – халықтың рухани қазынасы

Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Солнышко» бөбекжай-бақшасында тілдер апталығы аясында бірқатар танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Апталық барысында тәрбиеленушілер әртүрлі халықтардың ұлттық ертегілерімен, фольклорымен және салт-дәстүрлерімен танысты. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұлттық ойындар ойнатылып, топтық шығармашылық жұмыстар мен көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар үшін танымдық саяхаттар, қызықты викториналар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.

Іс-шаралар барысында балалар түрлі халықтардың мәдениеті мен тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін танып, әр тілдің адамзат үшін маңызын түсінуге мүмкіндік алды. Ұлттық ойындар арқылы балалар достыққа, бірлікке, өзара сыйластыққа тәрбиеленді.

Апталықтың негізгі мақсаты – балалардың тілдерге деген қызығушылығын арттыру, ана тілін құрметтеуге, өзге тілдер мен мәдениеттерді сыйлауға, көпұлтты еліміздің достығы мен бірлігін бағалауға тәрбиелеу.

Тіл – халықтың тарихы мен мәдениетін сақтайтын баға жетпес рухани құндылық. Әр тілді құрметтеу – әр халықтың мәдениетін құрметтеу. Балабақшада өткізілген осындай іс-шаралар бүлдіршіндердің бойында толеранттылық, достық, сыйластық және Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тілдеріміз әртүрлі болғанымен, жүрегіміз бір, мақсатымыз ортақ – татулық пен бірлік!