1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Солнышко» б/б» МКҚК-да аға буын өкілдерін құрметтеуге арналған жылы әрі әсерлі кездесу өтті.
Мерекелік шара барысында балабақша ұжымы арнайы шақырылған қадірлі қонақтарды үлкен құрметпен қарсы алып, оларға ізгі тілектерін білдірді. Қонақтарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, көңіл тыныштығы мен бақ-береке тілеген жүрекжарды құттықтаулар айтылды.
Осындай кездесулер – аға буынға деген құрметті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын тағылымды шаралардың бірі. Үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау және қамқорлық көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі.
«Солнышко» б/б» МКҚК ұжымы барша аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейді!
Қарияларымыз әрдайым ортамызда аман-есен жүріп, ақ баталары мен ізгі тілектерін айтып жүре берсін!





